Көп адам ақшаны сигнал жаман болғаннан емес, дұрыс кірмегеннен, лотты үлкен алғаннан және Stop Loss қоймағаннан жоғалтады. Бәрін ретімен, қарапайым тілмен түсіндіреміз.
Әр сигналда бірдей мәліметтер болады. Сенің міндетің — сандарды мұқият тексеріп, дәл солай орындау.
XAU — алтын, USD — АҚШ доллары. XAUUSD — алтынның доллармен бағасы.
1 унция алтын қанша доллар тұрады.Баға жоғары көтеріледі деп күтеміз. Баға өссе — пайда.
Арзан аламыз, қымбат сатамыз.Баға төмен түседі деп күтеміз. Баға түссе — пайда.
Бағаның құлауынан табыс табамыз.Мәмілені ашатын баға немесе аралық. Мысалы: 4170–4172. Баға бұл аралықтан алыс кетіп қалса — кірмейміз.
Пойызға тек бекетте отырамыз, жолда қуып жетпейміз.Баға біз ойлағанға қарсы жүріп, SL-ге жетсе, мәміле өзі жабылады. Шығынды шектейді. SL-сіз мәміле ашпа.
Бұл — қауіпсіздік белдігі.Пайданы бекітетін деңгей. Бір сигналда бірнеше мақсат болуы мүмкін: TP1, TP2, TP3, TP4.
Межеге жеттік — ақшаны қалтаға салдық.Каналда «стопты БУ-ға жылжыт» десе — Stop Loss-ты кіру бағасына қоямыз.
Енді ең жаманы — нөл. Шығын жоқ.MetaTrader 5 (MT5) қосымшасы керек. Алдымен шотың брокерге қосылғанын тексер (8-бөлім).
Котировкалар (Quotes) бөлімін аш. Сигналдағы құралды тап, мысалы XAUUSD. Басып, Trade таңда.
Мәміле көлемі лот деп аталады. Депозитіңе қарай таңда (4-бөлімдегі кесте). Лот үлкен = пайда да үлкен, шығын да үлкен.
Ортадағы сан — лот. Бастаушыға 0.01 жеткілікті.
Сигналдағы сандарды көшіріп жаз: Stop Loss — SL, Take Profit — TP. Енгізгеннен кейін тағы бір рет тексер.
Сигнал BUY болса — Buy by Market. Сигнал SELL болса — Sell by Market. Басар алдында тексер:
TP қойылса, баға жеткенде мәміле өзі жабылады. Бірақ кейде өзің жабу немесе өзгерту керек болады.
Trade бөлімін аш → ашық мәмілені бас → Close position.
SL немесе TP-ны ауыстыру үшін Modify position. Стопты БУ-ға жылжытқанда да осы керек.
Сигналда 3 мақсат бар, бірақ бір мәмілеге тек бір TP қоюға болады. Сондықтан лотты 3-ке бөліп, 3 бөлек мәміле ашамыз:
SL үшеуінде де бірдей, ал TP әрқайсысында өзінікі. Сонда пайданы кезең-кезеңмен аламыз.
Лот неғұрлым үлкен болса, баға аздап қозғалғанда да нәтиже қатты өзгереді. Лотты «көп болса жақсы» деп емес, депозитке қарап таңдаймыз.
| Депозит | XAUUSD үшін ең көп лот |
|---|---|
| $300-ге дейін | 0.01 |
| $300–400 | 0.02 |
| $400–600 | 0.03 |
| $600–800 | 0.04–0.05 |
| $900–1000 | 0.06 |
| $1000 | 0.10 |
| $1500 | 0.15 |
| $2000 | 0.30 |
| $3000 | 0.70 |
Жалпы лотты мақсаттарға тең бөлеміз. Мысалы, жалпы лот 0.08, мақсат 4:
Бірінші мақсатқа жеткенде бір бөлігі жабылады, қалғаны әрі қарай жұмыс істейді.
Баға біз күткен жаққа жүрген соң каналда «Stop Loss-ты безубытокқа жылжытамыз» деген хабар шығады. Бұл — SL-ді кіру бағасына қою деген сөз.
Енді баға кері қайтса да, мәміле шамамен нөлмен жабылады — шығын болмайды.
Ең жақсы сигнал да пайдаға кепілдік бермейді. Трейдердің басты жұмысы — шығынның мөлшерін бақылау.
Бір мәмілеге депозиттің қанша пайызын тәуекелге саламыз
Пайыз неғұрлым көп болса, бірнеше сәтсіз мәміле депозитті соғұрлым тез «жеп» қояды. Мысалы, $500 депозитте 2% — бір мәмілеге ең көбі $10 шығын.
Кейде кіріп үлгермейсің. Бұл — қалыпты жағдай. Баға қозғала бастады деп нарықты қуып жетудің қажеті жоқ.
Баға кіру нүктесінен алыс кетсе, тәуекел мен пайданың арақатынасы нашарлайды. Кеш кіргенше, келесі сигналды күткен дұрыс.
Өткізіп алған мәміле — шығын емес.
Шығын «қалып қоям» деген қорқыныштан дұрыс емес жерде кіргенде пайда болады. Эмоциямен сауда жасама. Бір мәмілені өткізіп алған — жаман жерде кіріп, артық тәуекелге барғаннан жақсы.
Алдымен FxPro сайтында MT5 шотын ашасың.
App Store немесе Google Play-дан MetaTrader 5 жүктеп ал.
MT5 → Баптаулар / Шоттарды басқару → Бар аккаунтқа кіру (Login to an existing account).
Іздеуге FxPro деп жаз да, шот мәліметтеріңде көрсетілген серверді таңда.
Логин (шот нөмірі) мен сауда шотының құпиясөзін жаз.
FxPro шотың MT5-те көрінеді. Енді мәміле ашып, басқара аласың.